Алматыда жедел жәрдем жылдамдай түседі. Қалада жылжымалы модульдік стансалар іске қосылмақ. Денсаулық сақтау басқармасы әзірге оны қаланың 35 жерінде орнатпақ. Әр станцияда бригадан жұмыс істейді. Одан бөлек, жедел жәрдем қызметіне смарт технологиялар да енгізілмек. Тың технологиялар алып шаһардағы кардиология орталығына да сатып алынбақ. Орталық жұмысымен бүгін Алматыға жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары танысты.
Алматыдағы ең ірі кардиология орталығына былтыр 14 мың азамат жүгінген. Соның ішінде 9 мыңнан астамы ауруханаға жатқызылған. Науқастар арасында бұған дейін ревматизм жиі кездессе, қазір азаматтарда жүректің ишемиялық ауруы және ми-қан айналысының бұзылуы жиі кездесетін болған. Медициналық мекемеде емделіп жатқан бұл Анатолиде инфарктпен құлаған.
Дәрігерлер жүрек қан тамырларының бітелген тұсына стенд қойды. Оны қойған уақыттан бері жағдайым жақсарды. Жүрегімнің ауырғаны да қойды. Бұған дейін жүрегім ауырмаған еді. Дер кезінде көмек көрсеткен үшін орталыққа алығысым шексіз»,-емделуші, Анатолий БАТЫРБЕКОВ.¤
Әдетте егде жастағы азаматтарда кездесетін инфаркт жылдан-жылға жасарып барады. Бүгінде бұл дертке 20 жастағы бозбала мен бойжеткендер шалдыға бастаған. Дәрігерлер жастардың қатерлі дертке жиі шалдығуын қозғалыстық аздығы, дұрыс тамақтанбау және холестериннің жоғары болуымен түсіндіріп отыр.
«Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, азаматтар өздерінің денсаулығына көп көңіл бөледі. Қазір емханаларда скринингтік бағдарламалар бар. Солардан өтіп жатыр. Егер сол скринингтің нәтижесінде жүрек ауруларына қауіп туындаса, онда ары қарай тереңірек тексерілуі ұсынады. Соның нәтижесінде, жүрек аурулары көп адамдарда дер кезінде анықталып жатыр»,-деді Алматы қаласы кардиология орталығы рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Оразбек САХОВ.¤
Өткен жылы кардиология орталығы стенд қою бойынша 1500 науқасқа ота жасаған. Заманауи технологиямен жабдықталған орталық биыл жаңа диагностикалық аппараттар сатып алмақ.
«Осы кардиологиялық жүрек қан тамырлары ауруына арнайы бағдарлама жасалып, тиісті қаражаттар бөлініп, дәрігерлердің барлығы оқудан өтіп, қазір барлық облыстың орталығының өзінде де, коронарография, жүрекке стенд қою, шутирование жасайды. 2007 жылы мұндай түрлі тексеруді, операцияны тек 40 адамға жасайтын болса, 2017 жылы 5 мыңға жуық адамға жасап отыр»,-деді ҚР парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары, Гүлмира ИСИМБАЕВА.
Мемлекеттік жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында кәсіпкерлер қаладағы емдеу мекемелерін жаңа технологиямен жабдықтауға жағдай жасаймыз деп отыр. Биыл бірыңғай ақпараттық жүйені жүзеге асырып, жедел жәрдем қызметіне смарт технологиялар енгізілмек.
«Қалада қарбалас сәтте жедел жәрдем қызметінің жүруі де қиындайды. Сондықтан, жылжымалы модульдік-блок жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Оны қаланың 35 жеріне орнатамыз. Онда кем дегенде бірнеше дәрігерден құралған екі бригада тұрады. Олар шақырған азаматтарға дер кезінде барады. Қосалқы станцияны салу шығынды. Сол себепті, басқа жолдарын қарау қажет. Модульдік жүйеге көшу керек»,-деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Серікбол МУСИНОВ.
Күнделікті 103 қызметі бойынша 177 жедел жәрдем көлігі жұмыс істейді. Смарт технология бойынша барлық көлік заманауи гаджеттермен қамтылатын болады.
Перизат Көмекбайқызы, Рашидин Якупов, «Алматы» телеарнасы