Орталық сайлау комиссиясы 28-ші маусымда өтетін Парламент Сенатының депутаттарын сайлауды бақылайтын 54 бақылаушыны аккредитациядан өткізді. Оның қырығы ТМД елдерінің өкілдері болса, қалған 14-і өзге мемлекеттерден. Жұмыс әлі де жалғасуда. Орталық сайлау Комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын 22-ші маусымға дейін тіркейді. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі осы уақытқа дейін, 15 шет мемлекеттен, сондай-ақ, сайлауды байқауға қатыса алатын 116 шетелдік БАҚ өкілдерін тіркепті. Бұдан бөлек, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ТМД байқаушылар миссиясы Штабының басшысымен кездесті. Келелі жиын барысында тараптар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда халықаралық байқауды ұйымдастыру мәселелерін көтерді. ТМД байқаушылар штабының басшысы Евгений Слободаның айтуынша, сайлауға әзірлік жұмыстары құқықтық және демократиялық негізде өтіп жатыр. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 28-ші маусымға бекітілген болатын.
«Қазақстан тарапынан шақырту түскеннен кейін, сайлау жұмыстарына дайындықты бастап кеттік. Ол аяқталып қалды. Бұған дейінгі өткен президент, парламент сайлауларына қатысқанбыз. Барлығы өз деңгейінде өтті. Жұмысымыз да ашық түрде өтетін болады. Жай-жапсарын сіздерге хабарлап отырамыз»,- деді ТМД байқаушылар миссиясы штабының басшысы, Евгений СЛОБОДА.