«7-20-25» бағдарламасына байланысты «Нұрлы жер» өзгеріске ұшырамайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда ірі қара малдың саны көбеюі мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері осы арқылы ет экспортын арттырып, қазынаға түсетін пайданы еселеуге болады деді. Ал Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында «Нұрлы жер» бағдарламасының өзгеріске ұшырамайтынын жеткізді. Алайда толықтырулар болуы мүмкін. Мінберде көтерілген мәселе не жайлы?

«Астана-1» жаңа ақпараттық жүйесі алдағы уақытта кеден қызметкерлерінің жұмысын оңтайландырмақ. Дегенмен оны іске қосуға  кедергі болып отырған екі мәселе бар көрінеді. Бақыт Сұлтановтың сөзінше, кеден бекеттеріне сапалы байланыс арналары қажет. Екіншіден, виртуалдық қуатты арттыратын қосымша ресурстар керек. Осы орайда, екінші түйіткіл ақпарат министрлігі арқылы шешімін тауып жатқаны белгілі болды.

«Автоматтандыруды іс жүзінде енгізу декларанттың бұдан бұрын брокерлік бағдарламаларда кедендік брокерлердің қызметтерін уақытша сақтау қоймаларында сақтауға, жұмсаған шығыстарын айтарлықтай азайтуға тиіс. Біз «Астана -1» ақпараттық жүйесін енгізу есебінен босатылғанша қаражатын сыртқы экономикалық қатысушылары тауарларын тауар айналымы бағыттайды деп пайымдаймыз», - деді ҚР Қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.

Қаржы ведомствосының басшысы жасанды интеллект кедендік бекеттерден түсетін қаржы көлемін арттырады деген пікірде. Демек, жұмыс оңтайланып, барлығы автоманттандырылады. Бұл өз кезегінде уақытты да үнемдейді. Жүйе іске қосылса, мемлекеттік бюджетке түсетін сома 12 млрд теңгені құрайды. 2025 жылға дейін, тіпті, 27 млдр теңгеге жетпек. Министр сонымен қатар, бүгіннің өзінде декларациялау ісі жеңілдегенін атап өтті.

«Егер бұрын сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы құжаттар пакетімен міндетті түрде алдымен брокерге өз аяғымен барған, одан кейін брокер декларациялармен кеден органдарына жүгінген және тікелей кеден қызметкері қабылдайтын шешімді күткен болса, енді ол ешқайда  бармастан, интернет арқылы өзі дербес декларация бере алады және жүйе арқылы декларациясы шыққаны туралы хабарламаны ала алатынын айтты. Оған өз тауарын алу үшін тек уақытша сақтау қоймасына бару ғана қалады», - деді ҚР Қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.

Үкіметте бұдан бөлек ауыл шарушылығының жағдайы сөз болды. Шенділер мал өсіру, оның ішінде ірі қара  көлемін ұлғайту қажет дейді.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев осы арқылы экспортқа шығатын өнім көлемі артып, одан түсетін пайда 2,5 млдр теңгені құрайтынын жеткізді.

«Фермелерді кооперациялау осы бағдарламада негізгі өндіріс моделі болып табылады. Олар өнімді өткізу және тәжірибе алмасу және ветеринариялық қызмет көрсету мәселелері бойынша бірге жұмыс атқарады. Асыл тұқымды малдың генетикасын қолдана отырып, мал тұқымын жақсарту осы бағдарламаның негізгі шарты. Мал азығын қамтамасыз ету үшін суармалы жерлер маңайына мал бордақы алаңдарын шоғырлау көзделеді», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман ЕВНИЕВ.

Отырыстан кейін, Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысты жауап берді. Әрі, бағдарлама ешбір өзгеріске ұшарамайтынын жеткізді. Тек  Елбасының «бес әлеуметтік бастамасындағы» «7-20-25» бағдарламасына орай, біраз толықтырылады. Ол өз кезегінде инфрақұрылымдарды жүргізу мәселесін қамтитын болады.

«Жалпы алғанда ешқандай өзгеріс болмайды. «Тұрғын үй жинақ банкі» қалай жұмыс істеп келеді, дәл солай қызметін жалғастырады. Қазір салымшылар саны миллионнан асты. Басқа жеке жалдамалы, несиелеуге  қатысты бағдарламалар жалғасады. Ипотека бойынша субсидия көлемін азайтуды жоспарлап отырмыз. Демек, 10 пайыз қалады. Біз 7 пайызын субсидиялайтын боламыз. Ол «7-20-25» бағдарламасымен бірге еске асады», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.

Сонымен «Нұрлы жер » бағдарламасы өзгеріске ұшырамайды. Құрылыс компанияларының несиелерін субсидиялау әрі қарайда жалғасын табады. Бұдан өзге Жеңіс Қасымбек ипотекалық займдарды беру екінші жарты жылдықтан басталатынын атап өтті.


Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Новости партнеров