Алматылықтар қандай тағамды ұнатады?

15.06.2018 15:21

Әсем қала Алматы. Бұл өнердің ордасы, жастардың ең сүйікті қаласы екені бесенеден белгілі. Мұндағы мегаполис халықы түнімен ұйықтамай, көңілін көтеріп, ойын сауық құрағанды жақсы көреді. Дегенмен алматылықтардың қандай тағамдарды тамсана жейтінін білесіз бе?


Алматыда түрлі ұлт өкілдерінің тіл үйірер және сапалы тағамдары дайындалады. Мәселен, бір ғана көшенің өзінен студенттерге арналған шағын дәмханалар мен отбасылық кафелер, тіпті элиталық мейрамханаларды да кездестіруге болады.


Осы күнге дейін «Мишлен жұлдызы» марапатын Қазақстандық мейрамханалардың ешбірі алмаған екен. Деседе, қоғамдық тамақтану орындарда әралуан тағамдарды сүйсіне жейтін халықтың қарасы қалың.