Алматылық қария Астанаға жаяу жетпекші

11.07.2017 в 17:27

Алматылық қария Астанаға жаяу жетпекші. 74 жастағы ардагер Экспо Халықаралық көрмесіне бір тиын төлемей жол жөнекей көліктерге мініп бармақ. Әбілтай ақсақал, жасына қарамастан 2 күннен кейін Елордада болам деп отыр.  Айтуынша, ойға алған мақсатын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арнамақ екен.

«Мен ойлап едім. Тараз тағы да бір, екі облыстарды аралайын деп едім. Бірақ 13-ші күні біздің КНБ-нің 25 жылдығы болады. Сондықтан, 12-сі күні ЭКСПО-ға жетіп, Экспода мені күтіп алады, 13-і күні өз тойыма қатсқым кеп отыр»,- деді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері, Әбілтай ШАЙХОВ.