Дидар Болысбектің өліміне қатысы бар деген Тойчибек Асамовқа сот үкім шығарды

05.07.2017 15:16

17 жастағы Дидар Болысбектің өліміне қатысы бар деген Тойчибек Асамовқа Бостандық аудандық соты үкім шығарды. Жалғыз күдікті кінәлі деп табылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұм Дидар Болысбек қайтыс болған 12-ші сәуірден бастап менің әріптесім осы істі басты назарға алған болатын. Қазір дүйім жұртты дүр сүркілдірген оқиғаны қадағалаған тілші Жадыра Омаржанды студияға шақырып, мән-жайды айтып беруін сұрайық. Жадыра сен сот барысын басынан бастап қадағаладың? Толығырақ баяндап берсең?

Прокурор жарыссөзде 17 жастағы Дидар Болысбектің өліміне қатысы бар деп танылған Тойчибек Асамовты 9 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Судья одан асып кете алмады. Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің 2-ші курс студенті кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіз мекемеде өтейтін болды. Ал үкімді тыңдауға жәбірленуші тараптан ешкім келмеді. Артылған жазаны Тойчибек Асамов пен оның анасы жыламастан қабылдады. Осыған дейін ол 20-дан астам бала арасында орын алған төбелесте ешқандай кінәсі жоқ екендігін айтқан еді.

«Ал Тойчибек Асамовтың анасы Саламат Асамова үкімге мүлде келіспеді. Айтуынша, баласының бұл істе ешқандай да кінәсі жоқ. Енді аппеляцияға беріп, істің ақиқатын анықтаймын деп отыр. Егер әділдікті таппаса тіпті Жоғарғы сотқа да бармаққа бекінген. Айтуынша, бұлыңғыр істі қараған тергеушінің де, судья мен прокурордың да жазалануын сұрады. Өйткені, сотталушының анасы құқық қорғау орындары өлімге қатысты жағдайды дұрыс зерттемеді деп ашынып отыр»,- деді №2 Бостандық аудандық сотының судьясы, Арай НҰҒМАНОВА.

«Осы 7 баланы әкеп, менің баламды орнына отырғызғанды Құдай көретін қылсын. Қарсымын бұған. Олардың қалталы азаматтардың балалары болған соң солай болды. Өйткені, Амангелді Жаппар деген кісі болатын. Шуда тұрады. Ол полковник. Барлығын істеген менің балама қарсы. Сол ақшаны әкелмесең атамын деген»,- деді Тойчибек Асамовтың анасы, Саламат АСАМОВА.

Еске сала кетейік, 12-ші сәуірге қараған түні Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің жатақханасында 20-дан астам бала арасында төбелес болған. Кейін белгілі болғандай, жоғары курс студенттері, бірінші курс білімгерлерінен ақша бопсалаған. Нәтижесінде, Дидар Болысбек оқиға орнында қайтыс болған еді. Сот сараптама нәтижесіне сәйкес, 17 жастағы жігіттің жүрегі кеуде тұсына тиген ауыр соққыдан тоқтап қалғаны анықталды. Жантүршігерлік оқиғада жалғыз күдікті ретінде 2-ші курс студенті Тойчибек Асамов қамауға алынған болатын.

Жадыра Омаржан, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы