9-15 сәуір аралығында «Алматы» телеарнасынан көретіндеріңіз

10.04.2018 15:55

«Алматы» телеарнасы осы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады. 

Армандар орындалады, мақсатың айқын болса! Өйткені, өмірдің өзі «Бәсеке». Сейсенбі 15:30-да.


Тұрмыстың тарлығы: Түтін түзу шықпағанда 

Шынайы сезім:Сезімге сенім керек 
Кикілжің: Қуаныш пен қайғы қатар келгенде 
Татулық: Бірлік берекенің бастауы 
Үміт үзбе: Шешілмейтін түйін жоқ. Дүйсенбі-бейсенбі аралығында «Өмір Иірімі» бағдарламасы «Алматы» телеарнасында. 

Жері шұрайлы, шөбі шүйгін қазақтың байтақ даласы. Заманаға сай сәулет, жанға жайлы ғимарат. Әлемдік бәсекелер алаңы. Асқақ Алатаудың етегіндегі құпияға толы алып шаһарды бірге аралаймыз! 8-сәуір, жексенбі 13:00-де «Асықпайық» бағдарламасын жіберіп алмаңыз!

Ерлі зайыптылар арасындағы тылсым сыр. Әпке мен сіңілі арасындағы өшпенділік. Ақ пен қараны ажырата алмаған қос тағдыр. «Уәде беремін» телехикаясы дүйсенбі-жұма аралығында 18:00-де. 

Жастар туралы, жастар үшін, жастармен бірге! Әр жексенбі сайын 12:30-да «Жастар қаласы» бағдарламасында.