Абай даңғылымен қиылысатын кейбір көшелердің арасы бірнеше күнге жабылады

17.03.2017 в 17:54
Құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Абай даңғылымен қиылысатын кейбір көшелердің арасы бірнеше күнге жабылады. Метрополитеннің «Достық» бекетінің құрылысына орай наурыздың 19-ы мен 23-і аралығындағы қозғалыс сызбасына уақытша өзгеріс енгізілмек. Яғни Абай даңғылы бойындағы Саин мен Момышұлы көшесінің арасында көлік қозғалысы уақытша тоқтайды. Дегенмен осы аралықта орналасқан аулаларға көлікпен кіріп-шығу жолдары ашық болмақ.  Ал Сайын мен Момышұлы көшелерінің бойындағы көлік қозғалысы сол қалпында қалады.