Алматылық Марат Тұрымбетовтің ісін қарауды сот аяқсыз қалдырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаладағы ауруханалардың бірінде медбикелерге қырындаған Марат Тұрымбетовтың ісін қарауды сот аяқсыз қалдырды. Естеріңізде болса, №4-ші клиникалық ауруханасының қызметкерлерінен таяқ жедім деген 1-ші топтағы мүгедек Тұрымбетовтың ерсі қылықтары бейнебақылауға түсіп қалған еді. Оның медбикелерге жармасып, тәртіпсіздік танытқан қылықтары әшкере болып қалған болатын. Осы жағдайға байланысты мекеме науқастың үстінен арыз түсірген. Алайда, ауданаралық әкімшілік соты бұл істі жылы күйінде жауып тастады.

«Істің жабылуының себебін - тұлғаны жауапқа тарту уақыты өтіп кеткендігімен түсіндірді. Осы арада атап өтетін нәрсе, сот екі жақтан сұрау алмаған. Енді осыған орай біз қалалық сотқа шағымданбақшымыз»,- деді №4 Қалалық клиникалық ауруханасының қорғаушысы, Мирфаик АЛИЕВ.

Аурухана өкілдері тәртіпсіздік танытқан Марат Тұрымбетов «Бұзақылық» бойынша жазасын алуы тиіс деп бекініп отыр. Қорғаушының сөзінше, науқас әлі күнге дәрігерлерге қоқан лоққы көрсетіп жүрген көрінеді.


Новости партнеров