|
30.07.2018 | 12:20
9335

Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тың мәлімет жарияланды

Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тың мәлімет жарияланды

Қытай түрмесінде жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов оның денсаулық жағдайы туралы Sputnik Қазақстанға айтып берген.

Сұңқар Нұрмағамбетов таяуда Қытайға жұмыс сапарымен барғанын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады. 

«Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы бұрынғысынша, қанағаттанарлық», – деп хабарлады Қытай соты өмір бойына бас бостандығынан айырған қазақстандықтың адвокаты.

Сондай-ақ ол апелляциялық алқа қарап жатқан Тұрлыбайдың ісі жариялау кезеңінде екенін еске салып өтті: жаңа құрамдағы сот кеңес бөлмесіне кеткен. Шешімнің қашан жарияланатыны әзірге белгісіз.    

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі

Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесінде отырғанына төрт жылдан асты. Ол 2014 жылдың наурызында есірткі тасымалдады деген күдікпен Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталған болатын. Отандасымыз ол кезде 20 жаста болған. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

Кейін апелляциялық инстанция соты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді жойды.

2016 жылдың қарашасында Тұрлыбайдың ісі бойынша апелляциялық тыңдау өтті.

Ақжарқын Тұрлыбайдың апелляциялық алқа шешімін күтіп жүргеніне бір жарым жыл болды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир