Адвокат:Бишімбаев абақтыда «өзін арандатпаққа тырысып жатқанын» мәлімдеді

19.02.2018 22:46

Жемқорлық дерегі бойынша ісі сотта қаралып жатқан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев абақтыда «арнайы контингент» өзін арандатпаққа тырысып жатыр деген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, изоляторда өзімен бірге отыратындар «ел басшылығының абыройы мен қадыр-қасиетін қаралайтын түсініксіз әңгімеге тартып, сол арқылы арандататын әрекеттер қолданып келеді. Осы орайда, ол соттан өзін арандатушылардан оқшаулауды сұрады. Бұл ақпаратты экс-министрдің қорғаушысы да растады.

«Тергеу изоляторында отырға «арнайы контингент» дейді ғой, қамауда отырған адамдардың, тұлғалардың тарапынан арандатушылық әрекеттер болып жатыр, деді. Арандатушылықтың сарыны, мәні - Қазақстан Республикасының жоғарғы лауазымды тұлғаларына қатысты келеңсіз жағдайлар айту, келеңсіз әңгімелер мәселесі бойынша», - деді Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Мәди МЫРЗАҒАРАЕВ.

Айта кеткен жөн, жарыссөздер 19 ақпанға шегерілді. Өйткені екі сотталушының адвокаттары сотқа келмеді.

 

Теги: СИЗО