«Ағайынды төртеу» ұйымдасқан қылмыстық тобының лидері Еркін Ізбасардың өз-өзіне қол жұмсаған видеоны ҰҚК өкілдері жария етті. Мұнай ұрлады деген айыппен уақытша ұстау изоляторына қамалған Ізбасардың саусақ іздерін арнайы криминалистикалық сараптамадан өткізуге қаулы шыққан. Процедурадан өтуден күдікті қорғаушысының көзінше бас тартты. ҰҚК мәліметінше, мекеме қызметкерлері саусақ іздерін алып жатқан кезде Еркін Ізбасар өзін-өзі ұрып-соққан. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде "Билік өкіліне бағынбау" бабы бойынша тіркелді. Қаперде болса, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын.