|
14.06.2018 | 12:05
2648

Қазақстанда жемқорлық ең көп байқалатын салалардың тізімі жарияланды

Қазақстанда жемқорлық ең көп байқалатын салалардың тізімі жарияланды

Қазақстанда жемқорлық ең көп байқалатын салалардың тізімі жарияланды. Көш басын ішкі істер басқармалары мен денсаулық сақтау мекемелері бастап тұр. Мұндай мәлімдемені мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері айтты. Осыған орай, Алматыда бүгіннен бастап мемлекеттік мекемелердің жұмысын бақылайтын арнайы топ жұмыс істей бастады.  

Қазақстанда 2016 мен 17-ші жылды салыстырғанда жемқорлық 18 пайызға азайған. Бұл - Республика бойынша жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарының арқасы екен. Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, қызметкерлер көрсетілген роликтерден, пара алып ұсталып жатқандардан сабақ алмайды,-дейді.

«Мысалы өткенді СҚО-да бүкіл активпен кездестік. Бүкіл деңгейдегі әкімдермен кездестік. Бүкіл деңгейдегі басқарма басшыларымен кездестік. Бірақ сол жерден шығып, арада 3-4  күн өткен жоқ, Тараз, Жамбыл облысына жете бергенде сол СҚО бір басқарма басшысы парамен ұсталғандығы жайлы хабар келді», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман БЕРДАЛИН.

Қазақстанда әкімішілік пен ішкі істер басқармаларында, денсаулық сақтау мен білім, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларында жемқорлықтың көрінісі көбірек байқалады екен. 2017-ші жылы жемқорлықтан келген зиян көлемі 7 миллиард теңге болыпты. Оның 95 пайызы қазынаға қайтарылған.

«Осы жылы тексеріс нәтижесінде, 54 қылмыстық іс қозғалды. 40-қа жуық іс сотқа жөнелтілді. 18 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жалпы, жемқорлықтан келген шығын көлемі 17 млн тенге. Оның барлығы қазынаға қайтарылды»,-деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ержан ИБРАИМОВ.

Бүгінде Қазақстандағы мемлекеттік қызмет түрлерінің 73 пайызы электронды түрге ауыстырылған. Мұндай инновациялық шешім - жемқорлықты болдырмауға септігін тигізеді,-дейді агенттік өкілдері. Алайда, кейбір өңірлерде ғаламтордың жоқтығынан тұрғындар қызметтерді қағаз түрінде алуға мәжбүр.

«Бірталай облыстарды байқап отырмыз. Интернетпенн проблема болып отыр. Осыншама интернет арқылы, электрон арқылы жеңілдік бар. Бірақ халық омен жұмыс жасай алмаса, алдыңа бал қойып қасық бермегенмен бірдей болады. Сондықтан біз қазір министрліктің алдында осы интернет мәселесін көтеріп отырмыз. Барлық ауылдарға осы интернет желісін күшейту, көбейту, жеткізу мақсатын»,-деді ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман БЕРДАЛИН.

Осы күні жемқорлықпен күрес мектеп қабырғасындағы оқушыларға да кеңінен түсіндіріліп жатыр. Миллионға жуық тәлімгерлер «Адал ұрпақ» деген ерікті клубқа мүше. Сонымен қатар, «Қоғамдық бақылау картасы» атты жүйе де жұмыс істеп тұр. Онда, кез келген азамат жемқорлық туралы толық мәлімет алуыларына болады. Айта кетейік, енді жемқорлық жайлы ақпарат айтқан адамға сыйақы бар.  Мәлімет расталған жағдайда, 240 мың теңге беріледі. Мұны агенттік төрағасы Алик Шпекбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған болатын.  

Өмір Әнуарбек, Валерий Таубалдиев, Алматы телеарнасы. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

рейтинг
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир