Ақмола облысының әкімі Атбасар халқын көшіруді өтінді

16.11.2017 23:00

Бөгет тұрғызудың орнына адамдарды көшіру жеңіл әрекет. Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин "Атбасарға" қатысты осылай деді. Себебі, күні бүгінге дейін аталмыш аймақта тұратын 300-ге жуық адам қауіпті жерде тұрып келеді. Оның үстіне жыл сайын сел жүріп кету қаупі сейілмейтін көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, көктемде қолдан жасалған бөгет қар суына шыдай алмай, біраз аймақты су шайып кеткен еді.

«Қолға алынған біраз жұмыстарды біз қыс мезгілінде де жалғастырамыз. Ол кезде өзеннің беті де қатады.Техника да емін еркін қозғалады. Жұмыс көктемді де қамтиын деп отыр. Біз тиімді, әрі дұрыс шешімдерді қарастырып отырмыз. Мүмкін, қауіпті аймақтан көшіріп, басқа жерде үй салған икемді болар», - деді Ақмола облысының әкімі Мәлік МЫРЗАЛИН.