Алматы әкімі жол жөндеу жұмыстары жоспарын қатал сынға алды

Алматы әкімі жол жөндеу жұмыстары жоспарын қатал сынға алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алып шаһардың жолдары тақтайдай тегістелетін болады. Биыл Алматының 157 көшесі кілтипансыз кейіпке енбек. Сол үшін де қала әкімі Бауыржан Байбек тиісті мекеме басшыларына жол жөндеуге бақылауды күшейтуді айтты.

Бұған дейін 40 жамау болып келген Алматы көшелерін жаңа қалыпқа келтіру жұмыстары биылдан қалмай бітеді. Осы жылы Алып шаһардың 157 көшесі жөндеуден өткізілмек. Бұдан бөлек, Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшесіндегі ұзындығы 15 шақырымнан асатын трамвай жолдарын демонтаждау жоспарланған. Жөндеу жұмыстары қараша айына дейін аяқталады деп күтілуе.  Сондай-ақ 24 көшенің  бордюрлері толық жаңарып, көшелердің 43 пайызының жеке бөліктері қайта жасалмақ.

Қала басшысы Бауыржан Байбек медігер компаниялардың тайм-менеджментке мұқияттылық таныту керектігін бас айтты. Мәселен, медігер мекеме небәрі жолдың 5 шақырымын жөндеуді мойнына алса, оны қарашаның қара суығына дейін созудің қажет еместігін ескертті. 

Жолдарды ретке келтіру барысында, қалада бұрыннан дұрыс орналаспаған тұрақтар мәселесі де шешілмек. Әсіресе, қалаған жеріне көліктерін қаңтарып кететін көлік жүргізушілернің  әрекеті назардан тыс қалдырылмайды. Енді жол жөнделгенде, тұрақ қалталарының бергі беттері ғана абаттандырылатын болады. Бұрыннан бар жасыл желекті барынша  сақтауға жөндеу жұмыстары кедергі келтірмеуі тиіс екендігіне мән берілмек. Бастысы бұқараға ыңғайсыздық тудырмай, көшелердің  жабылатын бөліктері туралы ақпаратты тұрғындарға дер кезінде хабарлау керектігі де қатаң қадағаланады. Тіпті, компания басшыларының байланыс нөмірлеріне дейін жазылған толық ақпараты бар стенділер орнатылуы керек. Енді бір аптаның ішінде қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жұмыс жоспарын тақ-тұйнақтай дайындауы тиіс.


Әйкерім Ердәулетқызы, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров