|
17.02.2017 | 09:57
2351

Алматының Бостандық ауданы былтыр 81,8 млрд теңгенің өнімін өндірген

Алматының Бостандық ауданы былтыр 81,8 млрд теңгенің өнімін өндірген

Алматының Бостандық ауданы былтыр 81,8 млрд теңгенің өнімін өндіріпті. Бұл жөнінде аудан басшысы халыққа есеп беру жиынында айтты. Кездесуге келген көпшілік шешілмей жатқан мәселелерді жіпке тізді. Әр сауалға жауап берген әкім алдағы уақытта барлығы атқарылады деп сендірді.

Бұл Бостандық ауданы тұрғындарының көңілін көптен бері күпті қылған мәселе. Ауладағы жарық пен жаяу жүргінші жолдарының тозығы жеткендігін жиынға келген көпшілік тізбектеп айтып берді. Ал, пәтер иелері кооперативінің жұмысына ешкім разы емес. Елдің елеңдеткен сауалдарды біртіндеп тыңдаған аудан басшысы мәселе шешімсіз қалмайды деп жауап қатты. 

«Мен барлық сұрақты басты назарда ұстаймын. Осы жерде көтерілген сұрақтар сөз жүзінда қалмайды. Барлық түйткілді мәселелер өз шешімін табуы тиіс. Бір жетінің ішінде барлық сұрақтарыңызға хат жүзінде жауап беретін боламыз»,- деді Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі, Бекқали ТОРҒАЕВ. 

Тұрғындарды мазалайтын мәселенің көбі әлеуметтік салаға саяды. Үш мыңға жуық халқы бар ауданда атқарылған жұмыстар көп, бірақ атқарылатыны әлі алда. 

«2016 жылы Бостандық ауданы бойынша мемлекет бюджетіне 330,6 млрд.теңге түсті, болжам 115,0%-ға орындалды, бұл қала бойынша салық жинаудағы жалпы соманың 20,4 пайызын құрайды»,- Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі, Бекқали ТОРҒАЕВ. 

Аудан әкімі халықпен кезекті кездесуінде ауданның даму деңгейіне тоқталды. «Ұлт жоспары. Бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам», «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндірді. Ал, басқосуға келген кәсіпкерлер түйіні бар түйткілдердің күрмеуін шешуге дайын екендіктерін айтты. Тіпті, қажетті қаражат шығаруға да әзір тұр. 

Аудан әкімі  мемлекет бюджетінен бөлініп жатқан қаражат толықтай игеріліп, оның көзге көрініп жатқанында ескеру қажеттігін еске салды. Бүгінде Бостандық ауданында 13 ірі және өндірістік кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Онда, 5241 адам еңбек етеді. 2016 жылдың қаңтар - желтоқсан айларының қортындысы бойынша өндірістік өнім өндіру көлемі 81,8 млрд. теңгені құраған. Ал, өндірістік өнім өндіруде қала бойынша  ауданның үлесі 11,7-пайызды құрайды.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир