Биыл Медеу ауданында «Салықшылар мен медицина қызметкерлерінің», сондай-ақ «Білім аллеясы» пайда болады. Аталмыш саябақтарға қаланың кез-келген тұрғыны өз қолымен тал егіп, жасыл желек санын көбейтуге ат салыса алады. Аланда 120 үй ауласы абаттандырылып, 14 тұрғын үйдің сыртқы келбеті жаңартылмақ.
Сәні мен салтанаты жарасқан Медеу ауданы алдағы жылдары құлпыра түспек. Мұнда былтыр 4 саябақ пен 2 гүлзар, сондай-ақ, «Теренкур» демалыс аймағы күрделі жөндеуден өткен еді. Биыл да мұндай жұмыс тоқтамайды. Жергілікті билік 120 үй ауласын абаттандырып, тұрғындар тынығатын орындарды көбейтіп, бос жатқан жерлерді көріктендіруді қолға алмақ. Осы көктемнен бастап ауданда жаңа аллеялар пайда болады. Арнайы аумақтар «салықшылар», «медицина мен полиция қызметкері», одан өзге білім аллеясы болып ерекше атауға ие болады. Аталмыш саябақтарға қаланың кез-келген тұрғыны өз қолымен тал егіп, жасыл желек санын көбейтуге ат салыса алады.
«Біз аллеялар пайда болатын аумақтарды белгілеп қойдық. Мәселен, Қарасай батыр мен Қалдаяқов көшесінің қиылысындағы бос жатқан жерді көріктендіріп, балалар ойын алаңын орнатамыз. Келесі аллеялар «Алатау» және «Бутаковка» ықшамаудандарында пайда болады. Сондай-ақ, Орталық саябақ ішінен де арнайы аллея жасауды көздеп отырмыз»,- деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.
Биылғы жылы Медеу ауданының тұрғындары әкімдеріне 1500-нан астам сауал жолдапты. Халықты әсіресе тұрғын үй түйткілі, коммуналдық-шаруашылық пен көріктендіру мәселе көп мазалайды. Бүгінгі кездесуде де тұрғындар ұзын-сонар кезекке тұрып, өздерін толғантқан сауалдарын жолдады.
Жалпы қала бойынша жүйе модернизациядан өтті. Осы жарық жөнінде үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Биыл да осы жұмыстар жалғасады. Бізде осы сіз айтқан көше бар. Біраз көшелерге ПЗД дайындалып жатыр, қалай дайын болады жарықтандыратын боламыз.
Медеу ауданында барлығы 445 шақырым жарықтандыру желісі мен 14 мыңнан астам жарық шамдары бар. Былтыр әсіресе жарыққа тарыққан ықшамаудандарда ұзындығы 9 шақырым электрлік желі жаңасына ауыстырылып, 94 көшеге 3821 жарықдиодты шамдар орнатылыпты. Биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып, 1 мыңнан астам шам жарық диодтыға алмастырылады.
«Думан ықшамауданында 172 мектепте 1000 баланың орнына 2060 бала оқиды бүгінгі күні. Тек бастауыш кластың өзінде, 1 класта 12 сынып. Осы мәселені түбегейлі шешуді өзіңіз атсалыссаңыз халық атынан мен үлкен рахметімді айтар едім»,- деді тұрғын.
¤"Үлкен рахмет қала басшылығына, биыл ақша бөлгізіп берді. Құжаттамасын қазір дайындап жатыр қолдау бар. Биыл мен ойлаймын екінші жартыжылдықта құжаттаманы қалай бітеміз уже құрылыс жұмысын бастаймыз»,- деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.
Тұрғындарды қуантқаны да осы. Халық саны күн санап өсіп келе жатқан ауданда биыл 172 мектеп-гимназиясының жанынан 600 бала сиятын жапсарлас ғимарат салынбақ. Бұған қоса, №4 гимназияны күрделі жөндеуден өткізу үшін Республикалық бюджеттен 185 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, жаңарту жұмыстары №19, №53 және №77 мектептерде де жүргізілмек. Ал, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 19 мектептің жанынан жаяу жүргіншілер жолы мен арнайы жол белгілері қойылады. Мектепке дейінгі мекемелер санын арттыру үшін осы жылы тағы 20 жекеменшік балабақша ашу көзделіп отыр.
Айдана Мейрамбайқызы, Рашит Шүкіралиев, «Алматы» телеарнасы