Астана қаласының әкімі болып Бақыт Сұлтанов тағайындалды

11.09.2018 16:20

Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды», - делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске сала кетейік, мұның алдында Астана әкімі қызметінде Әсет Исекешев болған еді. Ол әкім қызметіне 2016 жылдың маусымында тағайындалған болатын.  Ал кеше, 10 қыркүйекте Әсет Исекешевтің Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалғаны хабарланды.