Анасы ұлын түнде бесікке жатқызған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай облыстағы аудандардың бірінде болған. Анасы түнде ұлын бесікке байлап жатқызған, ал таңертең оның демсіз жатқанын көрген. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері сәбидің көз жұмғанын хабарлаған.
«Медициналық жұмысшылар бұл жағдай орын алғанға дейін әйелге емізулі балаға қалай қарау керектігі туралы нұсқаманы үйреткен. Бұл отбасы жақсы отбасы, басқа да балалары бар. Әкесі жұмыс істейді, сәбидің денсаулығы жақсы болған», - дейді аудандық аурухана дәрігерлері.
Алдын ала болжам бойынша, бесікке байланған бала түнде оянып, орнынан тұрмақ болып, матаға оралып, тұншығып қалған болуы мүмкін.
Сәбидің мүрдесі мәйітханаға жіберілді және сот-медициналық сараптама тағайындалды.