Ақорда қақпасын қаққан полиция қызметкері мас болғаны белгілі болды

25.01.2018 14:20

Ақорда қақпасын қаққан полиция қызметкері мас болған. Бұл туралы Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қызметкерлері мәлімдеді. "Порше кайен" иесі өзіне тағылған барлық айыппен келіскен. Соттың шешімімен жол полициясының аға лейтенанты-- жүргізуші куәлігінен 5 жылға айырылды. Одан бөлек, жол апатынан кейін, ол бірден жұмысынан қуылған. Есте болса, Ақорда маңындағы көлік апаты 17-ші қаңтарға қараған түні тіркелген еді. Полицияның ресми түсініктемесінде оқиғаның көктайғақтан болғаны жазылған-ды. Әйтсе де, шын ақпарат әшкере болды.