Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Кездесуде еліміздің қарулы күштерінің қазіргі жағдайы мен биыл атқарған жұмысына есеп берді. Өз кезегінде, қорғаныс министрі Елбасыға әскерилердің еңбекақысын көбейткені үшін олардың атынан ризашылықтарын жеткізді. Әскерде қызмет ететіндердің ыстық лебізін тыңдаған мемлекет басшысы осы салада жұмыс істейтіндерге әлеуметтік тұрғыда көмектесуге ерекше назар аудару керектігін айтты. Оның ішінде, қызметкерлерді тұрғын-үймен қамтамасыз ету мәселесі де бар. Кездесу соңында Президент ведомство басшысына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
«2017-ші жылдың қорытындысы бойынша қарулы күштер алға қойылған жоспарды толықтай атқарды. Қазіргі таңда әскери қызметкерлер тапсырмаларды орындауға сақадай-сай. Шұғыл операцияларды орындау дайындығы 15 пайызға ұлғайды. Ірі халықаралық деңгейдегі оқу-жаттығу жұмыстарын жүргіздік»,-деді ҚР Қорғаныс министрі, Сәкен ЖАСҰЗАҚОВ.