Ақтауда КВН ойыншысын өлтірді деген күдікпен 3 адам ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысының полицейлері Ақтөбенің КВН командасының бұрынғы ойыншысы Данияр Әлімбаевты өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
«Лада» өңірлік порталының хабарлауынша, «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Үш күдікті ұсталды, үшеуі де Ақтау тұрғындары.
Бұған дейін белгілі болғандай, Ақтауда 21 шілдеге қараған түні 32 жастағы Әлімбаевты аяғынан пышақтап, күретамырын кесіп жіберген. Ол аса ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.
Данияр Әлімбаев Ақтөбенің КВН командасының құрамында ойнаған. Әлімбаевтың артында әйелі мен төрт баласы қалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52