Ақтөбедегі мұнай ұрлығы ісі бойынша 7 адам қамауға алынды

13.12.2016 16:28

Ақтөбедегі мұнай ұрлығы ісі бойынша 7 адам қамауға алынды. Ақтөбе қалалық №2 сотына арнайы операция кезінде ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы өтініш келіп түскен. Бұл тұлғаларға «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу» және  «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бойынша айып тағылып отыр.