Ақтөбелік жүргізуші полицейге пышақ алып шабуылдады

11.09.2018 21:47

Құзырлы орган қызметкерлері көлік жуу бекеті маңында екі көлікке зақым келтірген «Ланд Крузер- 200» маркалы көлігін байқап қалады. Полцейлерді көрген көлік жүргізушісі оларға пышақ ала жүгірген. Бастапқыда пышақпен қорқытпақ болған ол кейін қашуға ұмтылды, деп хабарлайды kyn.kz.

«Жүргізуші пышақ қолданып, күш көрсетті. Оның өзгелерге зиян келтіретінін білген соң полицейлер аспанға оқ атып, оны ұстады», – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат 44 жаста, бұрын сотталған. Ұстау кезінде есірткінің күшінде болған. Бейресми дерекке сүйенсек, ер адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұр.

Қазір оқиғаға қатысты «Билік өкіліне күш көрсету» бабы бойынша тергеу жүруде. Күдікті изоляторға қамалды.


Теги: пышақ