Қазақстанда медицина мамандары тапшы. Ел алдында есеп берген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов біраз түйткілді ашып айтты. Министр елімізде дәрігерлер саны аз емес, алайда олар қажетті бағыт бойынша бөлінбеген. Қарапайым халық акушер-гинеколог, жан-сақтау бөлімі мен алғашқы көмек көрсете алатын қызметкерлерге зәру,-деді. Ведомство басшысы айтқан мәлімет бойынша, Қазақстанда жоғары санатты дәрігерлер саны 70 мыңды құрайды. Ал орта деңгейдегі ақ халаттылар 175 мыңға жуықтайды.
«Жалпы алғанда кадр тапшылығы 2008 -2012 жылдары болған. Ол кезде ақ халаттылар саны 6 мың еді. Бүгінгі таңда медициналық университетті тәмамдаған мамандардың арқасында бұл сан 2 есеге төмендеді. Демек дәрігерлер саны 2 мың 700 құрады. Ал жыл сайын оқу мен тәжірибені бірге алып жүрген студенттер саны бес жарым мыңнан асады»,-деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.
Ал улану мен түрлі жарақаттан көз жұматындар саны елімізде алты есеге өскен. Өйткені төтенше жағдайда науқас жедел жәрдем жеткенше көз жұмады,- деді министр. Олқылықтың алдын-алу үшін Елжан Біртанов жергілікті билікпен бірігіп, GPS жабдықталған жедел жәрдемнің жаңа моделін ұсынбақ.