¤Алматыдағы «Алатау» театрының ашылғанына бір жыл толды. Осыған орай, театр еліміздің әр аймағынан жиналған 20 шақты дәстүрлі өнерпаздармен меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық келісімнің аясында әнші, күйші, жыршыларға қалалық әкімдік тарапынан бар жағдай жасалады. Өз кезегінде олар алдағы жылы шығармашылық концерт өткізуге мүмкіндік алады. Яғни, «Алатау» театрында әр өнерпаздың атымен жеке кеш ұйымдастырылатын болады.
¤«Өзінің салт-дәстүрлерін аялап күтетін жапон халқы да белгілі бір өнер түрлеріне, өзбек халқын да, Әзірбайжан да, Ресейдің көптеген бір облыстарында жеке-жеке өнер түрлеріне байланысты осы театрларыдың ізі бар. Бірақ жалпы дәстүрлі өнерді тұтас қамтып, осыны насихаттап, соның болашағына арналған театр. Әзірге бірде бір жерде жоқ», - деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Берік ЖҮСІПОВ.