Жазғы Алматы қашанда қызық пен думанға бай. Алдағы демалыс күндерін де сәтті өткізуге мол мүмкіндік бар. Дәстүрге сай назарларыңызға сенбі-жексенбі күндеріне арналған қызықты шаралар кестесін ұсынамыз. Бірден айтайық, алдағы демалыста көкке шығып, бұқаралық іс-шараға қатысуға, тіпті ашық аспан астында билеуге де болады.
Жаздың алғашқы аптасы ең жарқын, көңілді шарадан басталмақ. Жыл сайынғы ЯРКОКРОС марафонында бес түрлі-түсті бекетті жүгіріп өтіп, үстіңізге неғұрлым көп түсті жинасаңыз болғаны. Қатысу үшін марафонның сайтына тіркеліп, ақысын төлегеннен кейін, сізге ақ футболка табсталады. Жолдарба да қоса беріледі. Биылғы шара 9 маусымда сағат 11,00-де Алматы Арена маңында өтеді.
«Әр қатысушы шараға қатысу үшін өзінің салымын төлеу қажет. Осы арқылы оған қатысушы жиынтығы табысталады. Сонымен бірге қайырымдылық миссиясына өзх үлесін қосады. Жиналған қаражатқа биыл «Аутизмді жеңеміз» қорында спорттық алаңқай саламыз»,-деді «Яркокросс» фестивалін ұйымдастырушы Александра КОМЛЕВА.
Келесі шара жылдамдықты сүйетін жандарға арналған. Джимхана жарысына кез келген көліксүйер азамат қатыса алады. Басты талап - қорғаныш дулығаның болуы. Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтеді. Сайысқа қатысу үшін әлеуметтік желідегі парақшаға тіркелу қажет. 9 маусым күні көліктердің жарысын түскі бірден бастап Қарағанды тас жолының 76-шы шақырымындағы «Сокол» орталығынан тамашалауға болады.
«Джимхана - дрифт элементтері бар жарыс. Темір тұлпар жүргізушісі жолдағы кедергілерді аз уақытта еңсеруі керек. Жүргізу шеберлігін де көрсете алады. Неғұрлым аз уақытта барлығын жасап үлгерсе, соғұрлым жеңіске бір табан жақындай түседі»,-деді жарысты ұйымдастырушы Артём УСОВ.
Енді экстримнен отбасылық мерекеге ойыссақ. Барлығымызға белгілі, дәрігерлер таза ауада көп уақыт өткізуге кеңес береді. Осы орайда қалада алтыншы рет өткелі отырған «Юнити» фестивалі таптырмас орын. Сенбі және жексенбі күндері таңғы оннан кешкі алтыға дейін Орталық мәдениет және демалыс саябағында жиналайық. Өздеріңізбен желекте жатып демалуға арналған төқсеніштеріңі бен көрпешелеріңізді ала келіңіздер!
«Осы жерден ата-аналар балаларын қандай дамыту орталықтарына апаруға болатынЫ туралы ақпараттар алады. Бүлдіршіндер өнерге, шеберлікке, білім алуға деген қызығушылықтары арқылы ата-аналарына көмектеседі. Сондықтан мұнда дамыту орталықтары, өнер бірлестіктерін жинаймыз. Жыл сайын осы шараға 60 серіктес пен 600 адам қатысады»,-деді «Unity» отбасылық фестивалінің директоры Ботагөз АЛДОҢҒАРОВА.
"Юнити" фестивалі әр түрлі жастағы балаларға арналған алаң. Кішкентайларға бөлек, жеткіншектерге квест орталықтары ұйымдастырылады. Қыздарға сурет салу, тігін тігу, би секілді үйірмелер бар. Ал ұлдарға спорт алаңдары мен ойынның түр түрі қарастырылған. Екі күн аралығында орталық саябақта пайдалы тамақтар жиналған фудкорт болады. Қысқасы балаларыңыз қжанына жықынын таңдай алады. Шарадан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмисалмақ. Ал көше биін ұнататындарға «КрампСайт» шарасына баруға кеңес береміз.
«Бұл шара КрампСайт деп аталады. Заманауи би түрлерін ұсынамыз. 4 күнге созылатын фестивальді осы мазмұнда алғаш рет өткізгелі отырмыз. Осыған дейін өткізген түрлі шараларымыздың басын қостық»,-деді би фестивалін ұйымдастырушы Ғазиз МӘЛІБЕКОВ.
Яғни, жастар көше биін сахнаға ауыстырады. Эмоцияға толы қозғалыста бақыт та, қайғы да, тіпті қоғамның көзқарасын көруге болады. Бұл кешті Алматы Тауэрс ғимаратында орналасқан Транс-Форма сахнасынан көре аласыздар. Сенбі күні командалық жарысты жіберіп алмаңыздар. Демалыстарыңыз сәтті өтсін.
Азамат Әуезхан, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы.
Фото: vdrifte