Қаланың тірлігі шаршатқан халық алдағы демалыс күндеріне қызықты шаралар күтеді. «Star of Asia» халықаралық музыкалық фестивалі, би жарысы жоспарланған. Одан бөлек, отбасылық фестиваль өткізілмек.
Биылғы «Star of Asia» фестивалі өзгеше форматта өтпек. Яғни қала қонақтары мен тұрғындары халықаралық музыка фестивалінде 16 маусымда отандық жұлдыздардың өнерін тамашаласа, екінші күні шетелдің танымал әншілері әсем әнмен Алатау бөктерін тербейтін болады. Ашық аспан астында өтетін ән кешіне Американың поп жұлдызы Anastacia (Анастэйша), Оңтүстік Кореядан "Астро" тобы, Ресейлік "Серебро" және кештің арнайы қонағы швед-иран әншісі Араш шақыртылып отыр. әлемдік деңгейдегі жұлдыздардан бөлек, 600 шығармашылық және техникалық маман жұмлдырылады.
«Тосынсыйлар болады, әрине, соншама көрерменді осындай жерге шақырып, жинағаннан кейін, шетелден қаншама қонақтар келіп жатыр. Сондықтан біз әр нөмірді, әр әншіні әдемілеп қойылымдармен, техникалық мүмкіндіктермен қамтуға тырысып жатырмыз. + Ал әншілерден бізде 27 номер болады. Ал екінші күні шетелдіктермен қоса, тағы 8 әнші қатысады. Қалғандарының барлығы шетелдіктер. Енді біздің қазақстандық 35-тің айналасында болып тұр»,-деді Star of Asia Халықаралық фестивалінің қоюшы режиссёрі Назгүл ҚАРАБАЛИНА.
Музыкалық фестиваль Медеу мұз айдынында өтеді. Шара екінші рет ұйымдастырылмақ. Аталған шараның басты ерекшелігі дәстүрлі әншілер танымал эстрада орындаушыларымен дуэт болып ән салады. Музыкалық фестивалді әлемнің 118 елі тамашаласа, тікелей эфирде республикалық «ҚазақТВ» арнасы мен 300 миллиондық аудиториясы бар Түркияның АВАЗ арнасы көрсетеді.
«Биылғы бағдарлама өте бай. Алғашқы күні үздік халық әндері, ұлы композиторлардың күйлері мен шығармалары орындалады. Өнерпаздардардың барлығы жанды дауыста орындалады. Сахнада қойылымдар да көрсетіледі. Оған сән беру үшін 300-ден астам жұмылдырылып отыр»,-деді Star of Asia Халықаралық фестивалінің қоюшы режиссёрі Шара АЙДАРОВА.
Ал би өнерінің хас шеберлерінен сабақ аламын деушілерді би фестивалі күтеді. Үш күнге созылатын шараға осы саладағы қазақстандық үздік өнерпаздарымен қатар, шетелдік танымал бишілер қатысады. Еліміздің түрлі өңірінен келген 16 биші өзара сайысып, кешті қыздыра түспек. Өзгелерден оза шауып үздік шыққан сайыскер Швейцарияда өтетін әлемдік би чемпионатында еліміздің намысын қорғайды. Байқауға қатысушылардың өнерін шетелден келген қазылар алқасы бағайлайды. Іс-шараның мақсаты жас кәсіпқой бишілердің өзара тәжірбие алмасуында. Одан бөлек, білікті шығармашылық ұжымдары тұрғындар үшін шеберлік сабағын өткізеді.
«Би фестивалі Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Әдетте, ол екі күнге созылады. Биыл ол 3 күнге ұзартылды. Қала қонақтар мен тұрғындарын қызықты бағдарлама күтеді. Түрлі жанрдағы би көрсетіледі. Одан бөлек, граффити бойынша сайыс өткізіледі»,-деді b-boy shadr АлександР СЫСОЕВ.
Еліміздің бисер тоқу бойынша үздік шеберлерінің жұмысын Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залынан тамашалауға болады. Шарада осы материалдан тоқылған түрлі бұйымдар, аксессуарлар да көпшілік назарына ұсынылған. Сонымен қатар, көздің жауын алатын картиналар да қойылған. Бұл өнер түрін үйренемін деушілер үшін шеберлік сабақтар да ұйымдастырылады. Көрмені 26 маусымға дейін тамашалауға мүмкіндігіңіз бар.
«Еліміздің 5 қаласынан 18 шебер 100-ден аса жұмысын ұсынып отыр. Көбінесе әшекей бұйымдар қойылған. Қалалық деңгейде өткен байқауларда үздік деп танылған балалардың жұмысы да көрменің төрінен орын алып отыр. Атап өтерлігі, бұл көрме екінші рет ұйымдастырылып отыр. Мақсатымыз бисер өнеріне деген қызығушылықты арттырып, зергерлік өнер сынды деңгейге жеткізу»,-деді «бисер поэзиясы» көрмесінің ұйымдастырушысы Наталья ВЕРБИЦКАЯ.
17 маусымда отбасы фестивалі ұйымдасытырылмақ. Оған кез келген жанұяның қатысуына мүмкіндігі бар. Мұндағы мақсат - бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ашық аспан астында өтетін шарада түрлі шығармашылық еңбек атқаруға, байқауларда бақ сынауға болады.
«Ересекке де, балалар үшін де қызықты бағдарлама құруға тырыстық. Мақсат барлығының басын қосу. Бұл фестиваль ең бірінші балалар үшін ұйымдасытрылып отыр. Шаңырақтың сәнін сәбидің кіргізетін ескерсек, ата-ананың оған әрдайым көңіл бөлуі тиіс»,-деді ұйымдастырушы Марина ТАСКУЛОВА.
16 маусымда балалар арасында дуатлон бойынша ашық чемпионат ұйымдастырылады. Шара «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында Тұңғыш президент саябағында өтеді.
Перизат Көмекбайқызы, «Алматы» телеарнасы.