Алдағы уақытта алматылықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?

05.12.2017 в 19:22

Алдағы уақытта алматылықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын білсек. Жақын күндері шаһарда қар жауып, температура күрт төмендейді ме? Ал желтоқсан айында күн райы қандай болмақ? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін «Қазгидромет» филиалының жетекші инженер-синоптигі Айжан Жандосова студиямен тікелей байланысқа шығуға дайын тұр.

-Қайырлы кеш Айжан Жұмабайқызы! Айтыңызшы, жақын күндері күн жылына ма? Әлде саршұнақ аяз түс ме?

-Қазақстан территориясының Оңтүстік аудандарына атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Алматы қаласы бойынша және Алматы облысы бойынша әлі тұрақсыз ауа райы сақталады. Алдағы үш тәулікте Алматы қаласы бойынша аздаған қар жауады. Түнгі ауа температурасы  -5-10 градус аяз  болса, күндіз 0-5 градуз аяз шамасында болады. 8 желтоқсанға қарсы ауа температурасы сәл жылынады. Түнгі температуралар 2-7 градус аяз болады. Күндіз 0-5 градус жылы болады. Тек облыс бойынша әлі де теріс температуралар сақталады.

-Түсінікті. Ал желтоқсан айындағы ауа райы болжамы қандай? Қалың қар күтіле ме?

-Желтоқсан айында Алматы қаласы бойынша орташа тәулік температурасы -3 градус, жаңағы қалыпты температура болып саналады. Түнгі ауа температурасы жоғарылауы күтілуде. -6 -11 градустан, 0-5 градусқа дейін жылынады. Күндіз -3, +2 градустан +4,+9 градусқа дейін екінші он күндіктің басында температура жылынады. -15, -20 градустан -6, -11 градус түнде, күндіз -8, -13 градустан 0, -5 градусқа дейін жылынады. Үшінші он күндікте температураның ауытқуы болады. 0, -5 градус аяздан -10, -11 градус аралығында ауытқиды. Алматы қаласындағы бір айлық жауын-шашын мөлшері 41 мм.

-Тұшымды ақпаратыңызға рахмет. Бізбен тікелей байланысқа шыққан «Қазгидромет» филиалының жетекші инженер-синоптигі Айжан Жандосова болатын.