АЛЖИР лагеріндегі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдерді туыстары еске алды

АЛЖИР лагеріндегі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдерді туыстары еске алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлы Отан соғысы кезінде Астана маңындағы түрмеде сегіз мың әйел отырған. Олардың біразы адам төзгісіз қиындыққа шыдамай көз жұмған. Наталья Никольская анасымен бірге сегіз жыл өмірін өткізген түрмені көру үшін Мәскеуден арнайы келіпті. Бұл ғимарат қазір мемориалды музейге айналған.

«Ада болып үміті мен арманы да,

Торғайда қамалды торға мына

Ойларына не келсе, соны істеді,

Жазықсыздың жазықсыз жарларына...Мына саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған қабырғада әр азаматшаның аты-жөні бөлек болғанымен, олардың тауқыметі, зары, мұңы бір». 

Жиырмасыншы ғасырдың 37-ші жылы елімізде жазықсыз ерлерді «халық жауы» деп жауапқа тарту науқаны басталғанда әйелдері жазалау үшін құрылған Отан сатқындары әйелдерінің лагерінде тұтқында Татьяна Никольскаяның анасы да болған. Осы лагердің құрамына кіретін 17-ші бөлім, яғни Қарағанды түрмесінде дүниеге келген кейуана шешесімен 8 жылын абақтыда өткізеді. Қазір Мәскеуде тұратын 77 жастағы Татьяна сол жылдары лагерде бір жарым мың нәресте жарық дүние есігін ашқандығын айтады. Бірақ олардың көбісі жасқа жетпей шетінеп кеткен.

«Әкемді тұтқындап, Мәскеу төңірегінде атқанда, анамды Қазақстанға алып кеткен. Қолға түспей тұрып, аяғы ауыр екендігін білген шешем, қолынан келгенше, жасырып келген. Лагерде егіз сүйген анамды ешкім аямаған. Күні-түні қара жұмыста болған ақырында менің ағамнан, яғни егіздің бірінен айырылған. Сол күндер әлі есімде. Суық, тар абақтыда аш, су ішкіміз келетін. Күніне 140 грамм нан деген не? Қиын заман еді», - деді Саяси қуғын- сүргін құрбанының қызы Татьяна НИКОЛЬСКАЯ.

Ұлы Отан Соғысы кезінде Ақмолдағы абақтыда 8 мың әйел отырған. Күркедей ғана орынды пана еткендердің бірталайы адам төзгісіз қиындыққа шыдамай,жан тапсырған. Оларды еске алу шарасында бір минуттық үнсіздік жарияланып, құрбандардың рухына Құран бағышталды.

Жамбыл Камеловтің де нәубет заманда атасы құрбан болған. Орынборда мұсылман медресесінде оқыған атасы Хайриддин қажы Әбдірахмановтың бар жызығы - қазақ зиялылары - Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және Мұстафа Шоқаймен тығыз қарым-қатынаста болғандығы. Осыны себеп еткен Кеңес үкіметінің «жендеттері» атасын Архангельск қаласындағы абақтыға апарып жапқан, соңынан 37-де атқан. Бұл ақпарға сенбеген әжесі, күйеуін әдейілетіп іздеп те барыпты.

«Сонда біздің шешеміз үш баланы алып, мына кісі "Соловкиде" отырғанда, сонау 30 жылы барып, қасына отырған. Сонда барғанда лагердің бастығы айтқан: «Мен не то что казашку, орыстың әйелін көрмедім» деген. Байын іздеп келгенде», - деді Саяси қуғын - сүргін құрбанының ұрпағы  Жамбыл КӘМЕЛОВ.

Халық арасында АЛЖИР атанған әйелдерге арналған абақтының құрамында еліміз бойынша 11 лагерь болған. Оннан аса түрмеде қазақ элитасының жұбайлары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Жалпылай алғанда, сол жылдары елімізде 103 мыңнан астам адам тұтқындалып, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілген.


Новости партнеров