Әлемдегі ең бақытты ел белгілі болды

16.03.2018 17:01

Әлемдегі ең бақытты ел белгілі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен құрылған рейтингте көшті Финляндия бастады. Жайсыз климат пен ұзақ уақыт тұратын қытымыр қысына қарамастан, аталмыш ел әлемдегі ең бақытты ел болып отыр. Мұндай қорытынды жүргізілген сауалнама нәтижесінде жасалған. Фин халқы өз елінің  жайлы экологиясын, қауіпсіздікті, баланы күту жүйесінің дамығанын және тегін медициналық көмек пен білім сапасын жоғары бағалаған.


Теги: финляндия