Қазақ тарихи тағы бір жаңалықпен толықты. Алғаш рет қазақстандық спортшы қыз кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанды. Фируза Шарипова болгар қызы Милена Колеваны жеңіп, екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ойын барысында өзінің белсенділігі мен дайындығын көрсеткен Фируза жеңіске жетті. Төрешілердің барлығы қазақстандық боксшы қызды жеңімпаз деп таныды. Милена Колеваны жеңген Фируза Шарипова WIBA және WBU нұсқалары бойынша чемпиондық атаққа ие болды. Боксшы қыздың менеджерінің айтуынша, келесі сайыс құны 300 мың долларды құрайды және оны Фирузаның туған қаласы Таразда өткізу жоспарлануда. Айта кетейік, кәсіпқой бокс кеші ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылған еді.