Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистер альянсын құру идеясын қолдады. Елорда да өтіп жатқан Өңірлік БАҚ форумы барысында бұл идеяны «Алматы»телеарнасының бас директоры Әлібек Әлденей ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанның медиа-нарығының 70 пайызын өңірлік БАҚ құрайды. Еліміздің медиа-нарығында Ұлттық телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығы сынды көптеген қоғамдық БАҚ ұйымдары бар. Бірақ олардың бағыттары өте тар, бірде-бір өңірлік БАҚ-ты қамтымайды. Яғни, оларды қорғамайды, мүдделерін ілгерілетпейді. Өз кезегінде министр бұл бастамаға толықтай қолдау білдірді. «Иә, мұндай альянс керек деп ойлаймын. Өңірлік журналистер альянсын құру ұсынысын толықтай қолдауға болады. Бұған қоса, шынымен де мемлекеттік тапсырыс аясында әзірленетін контенттермен алмасатын уақыт жетті. Біз бұл контенттерді өңірлерге беруге дайынбыз. Бұл әсіресе өңірлік телеарналар үшін барынша маңызды»,- деді министр Даурен Абаев.