Алматылық прокуратура әлеуметтік желілерде арнайы парақшаларын ашты

Алматылық прокуратура әлеуметтік желілерде арнайы парақшаларын ашты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық прокуратура әлеуметтік желілерде арнайы парақшаларын ашты. Ондағысы - ғаламтордағы түрлі радикалды топтармен күресті күшейту. Олар дін саласының өкілдерімен бірлесіп, жат ағымдардан қалай сақтану керектігін жастарға дәріптемек. Одан бөлек, мысықтілеулі ұйымдарды анықтап, тиісті шара қолданады. Заң қызметкерлері соңғы 2 жылдың өзінде әлеуметтік желілердегі күдікті 300-ге жуық топты бұғаттап үлгерген. Ал, прокурорлардың өзінен жеке кеңес алғысы келгендерге, пагон таққандардың өздері барады. Олар "Алматы - ашық қала" атты акция ұйымдастырып, бұқарамен жүздеседі.

"Инстаграм", "Фэйсбук" сынды басқа да әлеуметтік желілерде біздің салт-дәстүрімізді, дінімізді түсіндіріп, жастарға уағыз таратамыз. Одан бөлек, күпті парақшаларды анықтаймыз. Егер, кеңес алғысы келген адамдар болса, оларға тиісті мамандардан ұсыныс беріледі»,- деді Қалалық прокуратура басқармасының басшысы, Сәбит ШЕМБЕКОВ.

Новости партнеров