Алматыдағы кітапханалардың келбетінде дара стиль болуы тиіс. Сондықтан олардың дизайнын өзгерту қажет. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен дөңгелек үстелде айтылды. Шараға көрнекті сәулетшілер, дизайнерлер мен суретшілер қатысты. Бүгінде қалада 25 кітапхана бар. Алайда, көпшілігі жаңғыртуды талап етеді, дейді сала мамандары. Осыған орай, болашақта кітап үйлерін жаңа дизайнмен қайта жасақтау көзделіп отыр екен. Қатысушылар өздерінің ұсыныс-тілектерін қала әкімдігіне жолдамақ.