Алматының теміржол қызметкерлері ЭКСПО көрмесін тамашалауға аттанды

18.08.2017 17:21

Алматының 500-ден астам теміржол қызметкері ЭКСПО көрмесін тамашалауға аттанды. Олардың қатарында қара жұмысшыдан бастап, басшылыққа дейін барлық сала мамандары бар. Теміржолшылар 2 күн ішінде Елорданың көрікті жерлерін аралап, ЭКСПО көрмесіне куә болмақ. Сапарға шыққандар арасында тіпті Астанаға алғаш жол тартқандар бар. Шойын жол қызметкерлеріне жыл сайын бір рет тегін билет беріледі екен. Биыл олар осы мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық көрмені тамашалауды ұйғарыпты.

«Осындай үлкен делегация болып 500-ден астам адам болып шығып жатсыңдар. Енді Елбасымыздың бастамасымен өтіп жатқан Халықаралық деңгейдегі іс-шара, ЭКСПО көрмесін тамашалауға шыққан сапарларыңыз сәтті болсын!», - деді қала әкімінің орынбасары Мұрат ДӘРІБАЕВ.


Теги: КТЖ