Аудиторлық тексеріс кезінде 69 млрд теңгеге жуық бюджеттік заң бұзушылық анықталды

Аудиторлық тексеріс кезінде 69 млрд теңгеге жуық бюджеттік заң бұзушылық анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

69 миллиард теңгеге жуық бюджеттік заң бұзушылықты аудиторлық тексеріс кезінде анықтаған. Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өткен жылы 114 аудиторлық іс-шара өткізіпті. Нәтижесінде, 52 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Қаржылық бұзушылық орын алған мекемелерден бухгалтерлік есеп, жұмыс атқару және тауар жеткізілімдерін жүзеге асыру арқылы 66 млрд теңгеге жуық ақша бюджет пайдасына қайтарылды. Жалпы, өткен жылғы мемлекеттік сатып алулар кезінде жүйелі тексеріс жүргізу арқылы 4 779 лот нормаға сай болмағанын анықтаған. Қаржы министрлігіне қарасты қалалық аудит департаменті заң бұзушылықтарды анықтаумен қатар, түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстарын да жүргізеді.


«Біз тексеріс жүргізетін мекемелерге айтар бір ғана мәселе бар. Ол - мамандарының кәсіби деңгейіне назар аудару. Яғни, білікті қызметкер болса, қателіктер болмайды. Көбіне тексеріс кезінде білместіктен жасаған жұмыскерлерге тап боламыз. Сондықтан білікті экономист, қаржыгер, заңгер болса, қателікке бой алдырмайды», - деді  Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Бақытжан БҮГЕМБАЕВ.


Новости партнеров