Бизнесмендер бәйгесі. Үш күннен кейін елміздің ең үздік тауары анықталады. «Алтын сапа» байқауына Алматының абыройын қорғауға қаламыздың 9 компаниясы қатысады. Жеңіске жеткен кәсіпкерлер қандай марапатқа ие болады? Әріптесім Әйкерім Ердәулетқызы айтып берсін.
Алтын Сапа байқауында Алматының абыройын қорғайтын команиялардың бірі - әлемде жоқ кассалық аппараттың түрін ойлап тапқан. Құрылғының ерекшелігі - смартфон арқылы пиар кодпен арнайы бағдарламаны ашып, аппаратқа енгізеді. Тауардың құны, сауданың қай жерде жасалғаны туралы ақпаратты енгізіп, қажетті шотыңызды қолыңызға береді. Қазіргі қолданыстағы кассалық құрылғыдан қарағанда әлдеқайда ықшам әрі сатып алу бағасы 10 есе арзан. Бүгінде 30 мыңнан астам кәсіпкер аталған аппартты пайдалануда. Ескере кетерлігі тың идеяны іске асыру үшін бизнесмен 50 миллон теңге қаржысын құйған. Есесіне, бір жылда кеткен шығын өзін ақтап үлгеріпті. Ендігі қадам, отандық тауарды экспортқа шығару.
«Аналогы жоқ біздің тауарымыздың Қазақстанда. Осы жылы Украина мен Ресейге шығып жатырмыз. «Қазнекст»компаиясы көмектесіп жатыр. «Ең үздік тауар» байқауында жеңіп, қазір Астанаға шығып жатырмыз»,- деді Кәсіпкер, Олжас ҚҰНДАҚБАЕВ.
Рас, кәсіпкерлер қауқарын әуелі аймақтағы «ең үздік тауар» ретінде дәледеуі керек. Биыл өз мықтылығын мойындатқан 9 компания енді «Алтын Сапа» байқауына қатысады. Тікелей Елбасы марапатына ие болған тауар бір жыл бойы тегін жарнамаланады. Оған қоса, үздік атанғандар 4 жыл бойы өз өнімдеріне «үздік» деген белгіні қолдануға мүмкіндік алады.
«Аймақтық «ең үздік тауар» байқауы Алматыда 28 мауысымда өтті. Жеңімпаздар шілденің 28,29,30 күндері елорада да «Алтын сапа» байқауына аттанады. республикалық көрме-байқауы 3 номинация бойынша өткізіледі. Мәселен, отандық үздік тауар, халық тұтынатын және үздік тауар өндірушілер номинациясы»,- деді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы, Любовь АЛЕКСЕЕВА.
11 жылдан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі байқаудың басты мақсаты - отандық өнімнің бәсекелестікке сай болуы, қызмет көрсету сапасын жақсарту. Сондай-ақ, өндіріс көлемін ұлғайтып, елімздің брендтік өнімдерін экспортқа шығару.
Әйкерім Ердәулетқызы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы