Алматылық жастар ағаштан отын алуды ойлап тапты

Алматылық жастар ағаштан отын алуды ойлап тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жасыл желек жапырылмайды. Алматылық жастар ағашты отамай-ақ, одан отын алуды ойлап тапты. Олар жапырақтарды нығыздап, көмір немесе шөрке орнына қолдануға болады дейді. Отынның жаңа түрі - қоршаған ортаға зиянсыз, қауіпті заттарды бөлмейді екен. Студенттердің тың туындылары инновациялық форумда таныстырылды. Қала билігі озық ойларды қолдауға ниет танытып отыр.


Бұл - ағаш жоңқасынан жасалған отын түрі. Ресейде кең қолданылады. Брекеттердің бір ғана данасы 3-4 сағат жанып, үй ішіне жылу береді екен. Көгілдір отыннан қағылған іргелес ел тұрғындарды, мұны көмір орнына жаппай қолданады.               


 «Алдымен жапырақтар жиналады, кейін ол кептіріледі. Содан барып, оны үгітіп, нығыздайды. Жұмыстардың барлығын арнайы құрылғылар атқарады. Аталған жабдықтарды шет елдерден тапсырыспен алуға болады»,- деді Жоба авторларының бірі, Іңкәр СӘДУАҚАСОВА.


Жобаны жүзеге асыру да қап қаражатты қажет етпейді. Керек жарақтарды алу үшін бар болғаны - 4 млн теңгеге жуық қаржы  жұмсалады екен. Жоба авторлары өз ойларын қала басшылығына ұсынды. Қолдау тапса, жақын күндердері іске асуы мүмкін. Өйткені, Алматыда озық жобалар қазірдің өзінде қолданыста.                       


"Смарт Алматы" бағдарламасы бойынша іске асқан жобаны бірі - "Оңай" жүйесі. Оның тиімділігін байқапта отырмыз. Соңғы 10 айда "Оңай" жүйесі арқылы қаза қазынасына 8 млн теңге пайда түскен. Сондай-ақ, көлік жолдарына қойылған 100 бейнебақылау камерасы бар. Олардың санын алдағы уақытта мың данаға жеткізуді жоспарлап отырмыз»,- деді "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ төрағасының орынбасары, Әсет ӘБДУАЛИЕВ.            


Биыл Алматыда 200 жоба әкімшілік тарапынан қолдау тапқан екен. Олардың біразы жүзеге асырылып та жатыр. Жобаларды жергілікті басшылық өкілдері "Даму" қорымен бірлесіп қаржыландырады.               


 «Алматы - еліміздің инновация орталығы. Елбасы тапсырмасы бойынша, шаһарда тың жобаларға қолдау көрсетіліп жатыр. Біз түрлі университет басшыларымен тығыз қарым-қатынас орнатып, студенттердің ойларын тыңдап келеміз. Одан бөлек, кәсіпкерлердің жаңа әдістерін қолданысқа енгізіп жатырмыз»,- деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Ерлан ӘУКЕНОВ.


Озық ойлы жастарды жеке инвесторлар да қолдауға дайын. Қала басшылығы инновацияның дамуына жіті мән беріп отыр. Қазірдің өзінде "Индустрияландару картасының" екінші бесжылдығына құны 174 миллиард 200 миллионды құрайтын 78 жоба кірген екен. Осының арқасында жаңа 11 мың 266 жұмыс орны ашылады деп көзделуде.


Дастан Сейілханұлы, Әсет Құндақбаев, "Алматы" телеарнасы                   



Новости партнеров