Алматыда қоғамдық көліктің жолағына өтіп кететіндер азаймай тұр

13.03.2017 17:14

Қоғамдық көлікке бөлінген арнайы жолаққа өтіп кететін жүргізушілер азаймай тұр. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын елеп-ескермейтіндер көп. Әсіресе Абай, Райымбек, Төле би даңғылдары және Желтоқсан көшелеріне сызылған аавтобус жолақтармен жүретіндер саны 3 күннің ішінде 500-ден асыпты. Мейрам күндері жол-патрульдік полициясы жолдарда, қоғамдық орындарда және көшелерде құқықтық тәртіпті орнату, сондай-ақ жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандарды анықтау бойынша шараларды күшейткен.  

«Жол ережесін сақтамай жүрген жүргізушілерге осы үш күндік шараның ішінде 500-ден астам хаттама толтырылды. Оның ішінде 184 - сол жақ бағытқа шығып кеткені үшін, 252-сі 3.27 деген жол белгісі бар, тұруға болмайды деген. Соны тыңдамай тоқтап автобустарға кедергі жасағаны үшін, 64 хаттама - өз көлігін сол қатарға тұраққа қойып кеткені үшін. Бұл жұмыс енді күнделікті атқарылып жатқан жұмыс»,- деді Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы, Еркін ӨТЕГЕНОВ.