Таң қылау бере қар тазалауға шыққан жұмысшыларға еріктілер ыстық шәй беріп, тәтті-тоқаштармен жарылқады. Сұрағандарға әкімшіліктен емес екенін айтқан қыздар кез келген қала тұрғыны осындай шара ұйымдастыра алатынын айтты. Мұндай мәрттікке қала тұрғындары ризашылықтарын білдірді.
«Бүгін коммуналдық жұмыскерлерге өз тарапымыздан шәй беріп, тоқаш таратып жүрміз. Жұмысшылардың істеп жатқан жұмыстары өте маңызды, өйткені күнделікті біздің жұмысқа баратын жолдарымызды таңғы 4-5 тен тұрып тазалайды. Сондықтан менің айтарым, қала тұрғындары жұмысқа шығарда өздерімен бірге оншақты бауырсақ пен бір литр шәй алып, жұмысшыларға өздерінің жылуларын таратса дұрыс болар еді», - деді ерікті Айгүл ӘУБӘКІРОВА.