Алматыда зейнеткерлерге арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті

Алматыда зейнеткерлерге арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда зейнеткерлер де еңбек етуі мүмкін.

Бүгін Медеу ауданы әкімдігі алғаш рет егде жастағы қарттарға жұмыс жәрмеңкесін өткізді. Өйткені, бойында қуаты бар зейнеттегілер үйде отырғаннан гөрі, қызмет еткенді қалайтын көрінеді. Бұл жолы әжелер мен аталарға 35 компанияның өкілі жұмыс ұсынды. Әсіресе, нарықта медициналық қызметкерлер, тәрбиешілер, репетиторлар мен сатушылар жетіспейді.

Айта кетейік, бір ғана Медеу ауданында 27 мың зейнеткер бар. Оның 3 мың 300-і қоғамдық жұмысқа белсенді ат салысса, 800-ден астам қарт күнделікті тегін спорт үйірмелеріне қатысады. 

«Күш-қуаты, қайраты қоғамның экономикасын, қоғамның тиісті саласына жұмсауға әбден мүмкін. Сондықтан да, бұл жерде өздерімен де сөйлескен кезде, бәрінің айтатыны үйде отырғылары келмейді. Керісінше, бір жұмыспен айналысып, қоғамға пайда әкелсек екен. Осы біздің тәжірибемізді қазіргі жастарға ұрпақтар сабақтастығы аясында беріп кетсек екен дейді», – деді Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани МАЙЛЫБАЕВ.

«Өзімнің жасым қазір 66-да. 10-шы жылы зейнетақыға шыққанмын. Қазір жұмыс істегім келеді. Сондықтан осы жаққа келіп, жұмыс іздеп жатырмын. Үйде отырудан жалығып кеттім. Сондықтан кішкене жұмыс істегім келеді», – дейді зейнеткер Күлмарай ҚАЖЕНОВА.

Жадыра Омаржан, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров