Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Мамандар ұйықтауға 10-15 минут уақыт кететінін де ескеруді ұсынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мамандар күндізгі ұйқының оңтайлы ұзақтығын атады. Белгілі болғандай, күндіз 20-30 минут ұйықтау ең пайдалы, ал ұйқы ұзақтығы 40 минуттан аспағаны дұрыс, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл уақыт аралығы ағзаның тынығып, күш жинауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар адам терең ұйқы фазасына кірмейді. Өйткені терең ұйқыдан ояну әлсіздік, бас ауруы және ұйқышылдық сезімін тудыруы мүмкін.

Дәрігерлер екі рет 15-20 минуттан ұйықтағаннан гөрі бір рет ұзағырақ тыныққан тиімді деген пікірдің ғылыми дәлелі жоқ екенін атап өтті. Мұндай тәсіл ауысыммен жұмыс істейтін немесе қатты ұйқысы қанбаған адамдарға қажет болуы мүмкін. Ал басқа жағдайда маман күндіз бір рет ұйықтауды ұсынады.

Күндізгі ұйқының пайдасын арттыру үшін бөлмені қараңғылап, таза ауа кіргізіп, қолайлы температураны сақтаған жөн. Сондай-ақ ұйықтар алдында ағзадағы сұйықтық мөлшерін толықтыру маңызды. Сусыздану әлсіздікті күшейтіп, бас ауруына себеп болуы мүмкін.

Мамандар ұйықтауға 10-15 минут уақыт кететінін де ескеруді ұсынды. Ал оянғаннан кейін ағзаның сергек күйге толық өтуіне тағы 10-15 минут қажет.

Егер күндіз ұйықтағаннан кейін үнемі бас ауырып, қатты шаршау байқалса, ұйқы уақытын қысқарту немесе маманға жүгіну қажет.

Дәрігерлердің айтуынша, күндізгі ұйқы түнгі сапалы демалысты алмастырмауы керек. Оны дұрыс ұйымдастырған жағдайда күн бойы сергектікті, зейінді және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға көмектеседі.

Дереккөз: Газета.Ru

Оқи отырыңыз: Шаш тез кірлеп кетпес үшін қалай жуған дұрыс