Елімізде жұмыссыз жастар саны "Сәтті қадам" жобасы аясында кеми түспек

18.07.2017 в 16:45

Елімізде жұмыссыз жастар саны "Сәтті қадам" жобасы аясында кеми түспек. "Нұр Отан" партиясының "Жас отан" жастар қанаты қолға алған бағдарламасына жоғары оқу орындары және техникалық-кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері қатыса алады. Жобаға құжаттар 25-ші шілдеге дейін қабылданады. Өтінішті онлайн режимде немесе Жас Отан жастар қанатының бөлімшелеріне барып, тапсыруға болады.

«Бұл жерде ешқандай шектеу қойылмаған. Яғни, 18 бен 29 жас аралығындағы мамандық иелері бакалавр болсын, магистратура болсын. Қазіргі таңда, мына IT мамандықтарына, жаңа технология меңгерген жастар сонымен қатар дизайнерлар веб дизайнерлар сонымен қатар мына СММ әлеуметтік желілер арқылы жұмыс жасалатын заман талабына сай сол мамандықтарға сұраныс өте жоғары»,- деді Қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, Мәди АХМЕТОВ.

Жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында құрылған "Сәтті қадам" жобасына 5 мың 600 адамнан өтініш келіп түскен. Оның екі мыңы мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға іс тәжірибеден өтуге жіберіліпті. Соның ішінде 200-і тұрақты жұмыспен қамтылған.