Лейтенант атағынан айырылып 1 жылын темір торда өткізеді. Взвод командиріне сот осындай үкім кесті. Мұндай жаза сотталушыға сәтсіз қалжыңы үшін тағайындалды. Ол сапта жүріп әскери жатақхана вахтеріне бомба қойылды деп қоңырау шалған. Осыдан соң, шұғыл әрекет ету қызметі өре түрегеліп, тінту жасапты. Алайда, жарылғыш затты сол күйі таба алмаған. Есесіне, жалған ақпарат таратушыны бірден анықтады. өйткені, лейтенант өз телефонынан қоңырау шалыпты. Айта кетейік, оқиға осы жазда жамбыл облысында болған. Бұл мұндай қылмыс үшін сотталған бірінші әскери қызметші.
«Сот айыпталушының жағдайын ескере отырып, заңға сәйкес үкім кесті. Менің білуімше, мұндай қылмыс түрі әскери қызмет жағдайында алғаш рет жасалды. Бұл өзгелерге сабақ болуы тиіс сабақ»,- деді Гвардиялық гарнизонының әскери прокурор орынбасары, Игорь ГРЕБЕНЮК.
«Келтірілген залалдың орнына толық қойылғанына байланысты, біріншіден бірінші рет қылмыс жасап отыр, екіншіден жастығын, онан кейін әскери бөлімнен келген жақсы мінездемесін бәрін ескерген кезде шартты түрде жазаға тоқтау керек еді. Заңды күшіне кірмеген 15 күн ішінде осы гарнизонның үстінен қадағалайтын Республикалық әскери сотқа 15 күн ішінде береміз аппеляциялық шағым береміз»,- деді Адвокат, Ахмет МҰСАБЕКОВ.