Алматы тұрғындары конькимен сырғанау сабақтарын тегін ала алады

Алматы тұрғындары конькимен сырғанау сабақтарын тегін ала алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тұрғындары конькимен сырғанау сабақтарын тегін ала алады. Демалыс күндері Медеу мұз айдынында нұсқаушылар жаппай сырғанауға келгендерге мұздың үстінде тұруды үйретуге дайын. Жас санатына бөлмей, барлық қызығушылық танытқандарды уақыт шектеуінсіз нұсқаушылар үйретіп жатыр. Аталмыш шара қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында ұйымдастырылуда.

Далада үскірік аяз тұрса да, Медеуге жиналған халықтың көңіл күйінен жылылық лебі еседі. Мұз айдынына жиналған жұрт түрлі конкурстарға қатысып, билеп, спартакиада жарыстарында бақ сынауда. Арасында мұздың үстінде тұруды енді ғана үйреніп жүргендері де бар. 

«Бастапқыда мен нұсқаушының көмегіне жүгініп жүрдім. Өткен сенбіде келген едім. Енді, міне, бір күндік жаттығудан кейін мұзда сенімді тұруды үйрендім»,- деді СтудентГаухар ҚАПАШ. 

Демалыс күндері 20 жас нұсқаушы мұз үстінде қалаған адамға көмек көрсетуге сақадай сай жүреді. Мұз үстінде сырғанауды үйренуге көбіне ересек адамдар әуес дейді нұсқаушылар. Ал, балалар ата-анасымен бірге барып, өздерін сенімді ұстап, тіпті, спортқа деген әуестігін анық байқатады.  

«Қатты белсенді емес, бірақ, көбісі келіп, көбінесе артпен сырғанауды және де басқа сырғанау түрлерін үйретуді сұрап жатыр. Көбісі жақсы сырғанайды, негізі. Ал, білмейтіндері сұрап жатады»,- деді НұсқаушыАбзал КИНАЕВ.

Аталмыш акция наурыз айының соңына дейін жүріп, күзде қайта жалғасатын болады дейді ұйымдастырушылар. Бастысы, барлық адамға тегін болмақ.

«Күзде қайтып басталады. Яғни, осы жылдың соңына дейін болады. Күніне кем дегенде мың адам келеді. Бізде 20 инструктор бар. Үйренемін деген кез-келген адамды үйретуге дайынбыз»,- деді «Олимп» спорттық орталығы директорының орынбасарыНұржан ҚОЙШЫБАЙҰЛЫ.   

Әнуарбек Жәлел, Салтанат Шорай, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров