Қазақстан - әлемдік тұрақтылықты,бейбіт келісімді қолдайды

Қазақстан - әлемдік тұрақтылықты,бейбіт келісімді қолдайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан - әлемдік тұрақтылықты,бейбіт келісімді қолдайды. Еліміз Біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметін бастап кетті. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов үкімет сағатында атқарылған жұмыспен мәжіліс депутаттарын құлағдар етті. Ведомоства басшысы ядролық қарусыздандыру, бітімгершілік және қауіпсіздік мәселелері Қазақстанның алға қойған негізгі бағыттары екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Сирия дағдарысына байланысты кезекті рет Астанада өтетін келіссөздерге дайындық барысымен бөлісті. Толығырақ тілші бейнематериалында. 

Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бастады. Үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдңрахманов халықаралық ұйымдағы елімізге берілетін негізгі басым бағыттарға тоқталды. Ең алдымен, біздің мемлекет қауіпсіздік шаралары мен ядролық қарусыздандыру және бейбіт келісімге келу шараларын алдыңғы шепке қойып отыр. Бұған, Сирия дағдарысына байланысты Астана келіссөзінің үшінші раунды дәлел. Ведомоства басшысының сөзіне қарағанда,Сирияда жауынгерлік әрекеттерді доғару режімі тиісті нәтиже берді және бітімгерлікке қосылғандар саны артып келеді.

«Сирия дағдарысына байланысты Астанада өтетін келіссөздердің кезекті раунды кепіл мемлекеттердің қатысуымен өтеді. Түркия, Ресей және Иран мемлекеттері. Осы елдер келіссөздерге қатысатын мемлекеттерді де анықтайды. Бақылаушы ретінде Біріккен ұлттар ұйымының Сирия дағдарысына байланысты арнайы өкілдері, Америка құрама штаттарының және Иордания өкілдері шақыртылды. 14 наурызда диалог форматында өтеді. Ал 15 наурызда пленарлық отырыс жоспарланған»,- деді ҚР Сыртқы істер министрі, Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ.

«Мен үкімет сағатына алғаш рет қатысып отырмын. Бұл басқосуда Сыртқы істер министрі Біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде атқарылып жатқан және болашақта істелетін жұмыстарға тоқталды. Онда Қазақстанның түрлі мәселелерде, әсіресе, терроризммен күресуге, бейбіт мақсаттағы келіссөздер жүргізуге байланысты сұрақтар кеңінен талқыланды»,- деді ҚР БҰҰ тұрақты үйлестірушісі, БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі, Норимаса ШИМАМУРА.

Ал мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның қолдауға мұқтаж елдерге гуманитарлық көмек көрсету шараларын жалғастыру қажеттегін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан кейбір көршілес елдерге, Ауғанстанға елеулі көмек көрсетіп, басқада қолдау шараларына үлес қосып келеді. Сонымен қатар,депутат Біріккен ұлттар ұйымының түрлі салаларында қызмет атқарып жүрген қазақстандықтарға барынша қолдау көрсету керектігі жайында да айтты. 

«Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, БҰҰ жүйесінде 20-дан астам қазақстандық азамат қызмет атқаруда. Олар біздің өкілдікте жұмыс істейтін адамдар емес. Керісінше Біріккен ұлттар ұйымының әр түрлі салаларында жұмыс істейтін азаматтар. Бұдан әрі, менің ойымша, аталған азаматтар мен Қазақстан өкілдерін БҰҰ-ның түрлі салаларында лауазымды қызмет атқаруға мүмкіндік беру керек. Бұл өзге мемлекеттерде қолға алынған дүние. Біз де сол тәжірибені қолдануымыз қажет»,- деді ҚР парламент мәжілісінің депутаты, Мәулен ӘШІМБАЕВ.

Мәулен Әшімбаев, өзге елдерге гуманитарлық көмек көрсету, ол-экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көптеген елдері осындай саясатты жүргізіп келетінін айтты. Қазақстан бұл мақсаттар үшін, 350 миллион доллардан астам қаржы бөліпті.

Азамат Әуезхан, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы Астанадан



Новости партнеров