Әлеуметтік желілердегі ақаулар ретке келтірілді

05.09.2017 09:19

Еліміздің ақпарат және байланыс министрлігі әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі ақауларды ретке келтірді. Ұялы байланыс операторлары мен ғаламтор провайдерлерінде іркілу байқалған жоқ, дейді олар. Алматы тұрғындары жексенбі күні кешкі сағат 6-дан түнгі 12-ге дейін байланыстан үзілгендерін айтып, наразылық білдірді. Миллиондаған қазақстандықтардың әлеуметтік желілердегі парақшалары жүктелмей, қатып қалған.  Бұл мәселені шешуге қауһарсыз болған байланыс операторлары бір ғана уәж айтты. Провайдерлер өздеріне қызмет көрсететіндерге сұраным жіберген. Бұл олқылық компанияларды да қалтасынан қаққан көрінеді. Олар 2 сағаттың ішінде миллиондаған теңге жоғалтқан.

«Әрине, мұндай жағдай бізге тиімсіз. Өйткені, біз өз абоненттерімізге ғаламтор мөлшерлемесін сатамыз. Жүктелген әрбір мегабайтқа біз ақша аламыз. Ал тұтынушылар ғаламторды пайдалану мүмкіндігінен айырылса, біз де ақшадан қағыламыз деген сөз. Бұл кез келген ұялы байланыс операторына ыңғайсыз. Мұндай олқылықтар орын алғанда, біздің қолымыздан ештеңе келмейді», -деді  телекоммуникациялық компанияның PR-директоры Олжас БИБАНОВ.

Бұған сарапшылардың айтары бөлек. Әлеуметтік желілердегі ғаламтор ақауларын блогерлер мен тұтынушылар Астанадағы жайттармен байланыстырды. Қазақстан ғаламтор қауымдастығының президенті, қауіпсіздік жөніндегі сарапшы бұл олқылықтың Қазақтелекоммен қатынасы болу мүмкін дегенді алға тартады.

«Соңғы 2-3 жыл ішінде мемлекет тежеу салып, қандай да бір ақпараттың таралмауы үшін шектеу қоятын мәліметтер болған жоқ. Қазір біздің Қазақстандағы ұлттық операторымыз Қазақтелеком - телекоммуникацияның басып тастайтын желілерімен қамтамасыз етілген. Техникалық ақау осы тұстан болуы әбден мүмкін», - деді  Қазақстан ғаламтор қауымдастығының  президенті Шавкат САБИРОВ.