Алматы әкімінің орынбасары Тауфиков «Tokyo Rope Almaty» компаниясының кеңесшілер директоры болды

25.07.2017 18:21

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Румиль Тауфиков «Tokyo Rope Almaty»  компаниясының кеңесшілер директоры болып тағайындалды. Оған қоса, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Норвегия, Сауд Арабиясы сынды алыс-жақын шетелден  индустриалды парктегі  металл зауытына қажетті өнімді жеткізуді қолға алады. Ал бұған дейін ол қаладағы көлік құрылымын реформалауды белсенді жүргізген. Оған қоса,  жалақы жөніндегі қарызды 1 миллиард теңгеге азайтып, еңбек және миграция мәселелерімен айналысқан.  Бұдан бөлек,  әлеуметтік бағдарламаларды сәтті жүзеге асырып, денсаулық сақтау саласындағы сақтандыру жүйесін де енгізуге зор ықпал етті.