«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды. Мұхит Әзірбаевты ұжымға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек таныстырды. Есте болса, бұрынғы басшы Мұрат Дәрібаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып қызметін ауыстырған болатын. Ол осыған дейін «Қуатагро» агрохолдинктік компанияның бас директоры қызметін атқарған, түрлі кезеңдерде банктерде жұмыс істеген. 2009-шы жылдан күні бүгінге дейін Global Building Contrac компаниясының қадағалаушы кеңесінің төрағасы болған. Қоғамдық іспен белсенді түрде айналысады. Айта кетейік, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік» корпорациясы өткен жылы 3,4 млрд теңге көлемінде пайдаға қол жеткізді. Соңғы жылы 423,8 млн теңге салық төленді, ал 2015 жылы төленгені небәрі 41,7 млн. теңге болатын.


Новости партнеров